Ерлан Арынға қатысты қылмыстық іс қосымша тексеруге жіберілді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерлан Арынға қатысты қылмыстық іс қосымша тексеруге жіберілді

Ерлан Арынға қатысты қылмыстық іс қосымша тексеруге жіберілді

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арынға қатысты қылмыстық іс қосымша тексеруге жіберілді.

  • 29 Қазан 2014
  • 378
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы мемлекеттік қызмет ісі және жемқорлыққа қарсы тұру агенттігінің басшысы Қайрат Қожамжаров мәлімдеді.

«Іс қосымша тексеруге жіберілді. Бүгінгі таңда бұрынғы таңылған он эпизодтың екеуі қалды. Қазір іс Павлодар сотында жатыр», — деп ол бүгін Астанада журналистерге атап көрсетті.

Тексеру қызметтік бабын теріс пайдалану, ірі мөлшерде пара алу және заңдастыру баптары бойынша жүргізілуде.

Бұрын хабарланғандай, тексеру 3 шілдеде аяқталды. Е.Арын ақша жымқыру және ірі мөлшерде пара алу мақсатында Павлодар облысы әкімдігінің лауазымды тұлғаларынан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және басқарды деп айыпталған болатын.