Алматы жанармай бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин тапшылығы байқалады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы жанармай бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин тапшылығы байқалады

Алматы жанармай бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин тапшылығы байқалады

Алматы жанармай бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин тапшылығы байқалады, бензин сататын жанармай бекеттерінде кезек көбейген.

  • 29 Қазан 2014
  • 499
Фото - Caravan.kz

«ҚазМұнайГаз» жанармай бекеттері қызметкерлерінің агенттікке мәлімдеуінше, жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин жоқ, өйткені бензовоздар сұйық отын тасып үлгермеуде.

Sinoоil жанармай бекеттерінде АИ-92 бензині бар, алайда үлкен кезек туындаған.

«Бізде талонсыз 92 сатылады. Басқа жанармай бекеттерінде талонмен сатылуда ", — дейді Sinooil жанармай бекеттері.

Helios жанармай бекеттерінде АИ-92 бензині кешке болмақ.


«Бензин болған, бірақ таусылып қалды. Басқаларында бензин болмағандықтан бізден құйып, АИ-92 бітті», — дейді Helios жанармай бекеттері.

"Газпромнефть" жанармай бекеттерінде де осы маркалы бензин жоқ.