Ерлан Арынға бірнеше айып негізсіз тағылған - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерлан Арынға бірнеше  айып негізсіз тағылған

Ерлан Арынға бірнеше айып негізсіз тағылған

Қаржы полицейлері Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арынға негізсіз айыптар тағып, оны тергеу кезінде дәлелдей алмаған. Енді істі шала-шарпы атқарғаны үшін тергеушілердің өздері жазалануы мүмкін.

  • 30 Қазан 2014
  • 363
Фото - Caravan.kz


Қайрат Қожамжаров, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігніің төрағасы:

-Арынға қатысты іс қосымша тергеуге жіберілді. Қазір бастапқыда тағылған 10 айыптың екеуі ғана қалды. Енді істі Павлодардағы қалалық сот қарап жатыр.

Яғни, Арынның мойнында «қызметтік бабын асыра пайдаланды» және «ірі көлемде пара алды» деген екі айып қалып отыр. Қалған сегіз айыпты тергеушілер экс-әкімге негізссіз таққан болып шықты. Бұл қаржы полициясы үшін сын. Тіпті шулы іс жабылып тынуы да ғажап емес. Оның үстіне тергеу абақтысында отырған Ерлан Арынның денсаулығы күн санап нашарлап барады екен. Айта кетсек, Павлодардың бұрынғы әкіміне 9 ай бұрын қаланы абаттандыру үшін демеушілер бөлген 23 млн.теңгені жымқырды және 137 млн. теңге пара алды деген күдікпен ұсталған болатын.