ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директоры Н.Жоламановқа ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айып тағылды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директоры Н.Жоламановқа ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айып тағылды

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директоры Н.Жоламановқа ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айып тағылды

Ақмола горнизонының әскери соты ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директоры Нұрлан Жоламановты 27 желтоқсанға дейін тұтқынға алу туралы үкім шығарды.

  • 30 Қазан 2014
  • 493
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Әскери сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

Алынған мәлімет бойынша, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директоры Н.Жоламанов ҚР ҚК 311-бабы (Пара алу) 5-бөлімі және 235-бабы (Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу) 3-бөлімі (Трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу) бойынша тұтқынға алынған.

Айта кетейік, 27 қазанда Қазақстан Республикасы ҰҚК жеке қауіпсіздік бөлімшесі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің лауазымды тұлғалары тарапынан қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланған фактілерге жүргізген тексеру шеңберінде қылмыстық іс қозғалды. Аталмыш қылмысты жасады деген күдікпен Шекара қызметінің директоры Н. А. Жоламанов ұсталған болатын.