Бұл туралы құқық қорғау органындағы дереккөз мәлімдеді.
Кеше кешке әртістің қызы Алиса Хазанова Жаңамәскеулік округтегі Троицк аумағында Превомайск ауылында орналасқан үйлерінің тоналғаны туралы қалалық полицияға арыз түсірген.
Тергеу жедел тобы анықтағандай, ұрылар сәрсенбіге қараған түні терезенің жақтауын бұзып кірген. Олар күміс ыдыс, екі қол сағат, металл сейфті алып кеткен.
Неше ұрланғаны анықталуда, өйткені сейфте қанша бары Г.Хазановқа ғана мәлім. Қазір ол Мәскеуде жоқ.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.