«Астана Опера» театры Карнеги-Холда өнер көрсетті (ФОТО) - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана Опера» театры Карнеги-Холда өнер көрсетті (ФОТО)

«Астана Опера» театры Карнеги-Холда өнер көрсетті (ФОТО)

«Астана Опера» театры Әлемдік турнені Нью-Йорктен бастап (АҚШ), 27 қазанда талғампаз америкалық көрермендерге «Азия Дауысы» атты концерт ұсынды, деп хабарлайды аталған өнер ордасының баспасөз қызметі.

  • 30 Қазан 2014
  • 496
Фото - Caravan.kz

Музыкалық сыншылар мен қонақтардың бағалауынша, «Астана Опера» театрының труппасы өздерін өте жоғары деңгейде көрсетіп, әлемнің ең беделді алаңдарының бірі — Карнеги-Холда баршаны таң қалдырды.  

Бағдарламада А. Жұбанов, Л. Хамиди, Е. Рахмадиев, Т. Мұхамеджанов сынды композиторлар жазған қазақтың халық әндері мен музыкасы, сондай-ақ Дж. Верди, Д. Россини, Ж. Оффенбах, А. Бородин, Л. Бернстайннің керемет жауһарларынан үзінділер бар. Кешті Халықаралық конкурстардың лауреаты, көрнекті скрипкашы Ержан Күлібаев П. И. Чайковскийдің скрипкаға арналған әйгілі концертімен ашты. 

Театрдың көркемдік жетекшілері бағдарламаның өте дұрыс таңдалғанын айтады. «Аталған сахнада қазақтың шығармалары алғаш рет толыққанды қазақстандық театр тарапынан ұсынылды. Музыканттарымыз ұлттық музыканың үздік үлгілерін орындады. Тыңдарман М. Төлебаев, Е. Рахмадиев және басқа аса көрнекті композиторлардың асқақ туындыларымен таныса алды. Мұнымен қатар, XX ғасыр композиторларының әр алуан музыкасы да кеңінен паш етілгенін айта кеткен маңызды.

Карнеги-Холл «Астана Операны» аншлагпен қарсы алды, концертке қызығушылық танытқандар: консерватория қызметкерлері, дипломаттар, қоғам қайраткерлері, музыка сыншылары, Метрополитен-опера агенттері, сондай-ақ биік өнерді сүйетін қауым. Кешке келген әйгілі қонақтар қатарында Лос-Анжелестен арнайы ұшып келген актер әрі продюсер Эдриан Броуди болды. Сахнаға шыққан ол, әртістермен сәлемдесіп, Қазақстан жайлы жылы лебіздерін жеткізді.  

Америкалықтардың уақытты өте бағалайтыны белгілі, алайда концерт барысында тұрып кетіп қалған бір де бір адам болған жоқ. Бұл кештің қызықты өткенін дәлелдесе керек, көрерменнің біразы алған әсерлерімен бөлісіп те жатты.


«Әр номер сайын таң қалғанымыз бар, тіпті, жаныңды тулатады, шыдамай Браво деп айқайлап та отырдық», дейді көрермендер. 

2 

3 

4 

5 

6 

7 

8 

9

Перейти к новостям спорта