Париж қаласының тұрғындары қазақтардың мәдениетімен және тұрмысымен танысады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Париж қаласының тұрғындары қазақтардың мәдениетімен және тұрмысымен танысады

Париж қаласының тұрғындары қазақтардың мәдениетімен және тұрмысымен танысады

алқылау, пікір алмасу, екі астананың арасындағы байланысты нығайту мен ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында депутаттармен және қалалық әкімшілікпен кездесу жоспарланған. Астана қаласы әкімінің орынбасары Аида Балаева бастаған қазақстандық делегация құрамына елордалық ведомстволардың өкілдері, «Астана Опера» әртістері енген.

  • 31 Қазан 2014
  • 672
Фото - Caravan.kz

Сонымен қатар, сапар барысында Париждің мәдени және білім беру нысандарын, көрікті жерлерін аралау көзделген. Париж қаласының тұрғындары «Қазақ ауылы» экспозициясында ата-бабаларымыздың  көшпенділердің мәдениетімен және тұрмысымен, Қазақстанмен етене танысады. 

«Азия дауысы» гала-концерті де есте қаларлық оқиға болмақ. Ол әйгілі «Опера Бастилия» театрының сахнасында қойылады. «Астана Опера» театрының әртістері осы сахна төрінде өнер көрсететін алғашқы шетелдік ұжым болмақ. 

 «Астана Опера» театрының жеке солисті Жұпар Ғабдуллина, сондай-ақ, шақырылған қонақтар Денис Мацуев, Елдар Әбдіразақов, Алан Бөрібаев, Ержан Құлыбаев, Альберто Газале, «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі мен хор кештің көркін келтірмек.


Перейти к новостям спорта