Анкарада «Қазақстандық музыка кеші» өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Анкарада «Қазақстандық музыка кеші» өтті

Анкарада «Қазақстандық музыка кеші» өтті

Анкарада Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің қолдауымен қазақстандық әйгілі өнер қайраткерлері Ардақ Балажанова және Ержан Жаменкеевтің қатысуымен «ТРТ» арнасының Орталық концерттік залында «Қазақстандық музыка кеші» өтті, деп жазады ҚР СІМ ресми сайты.

  • 3 Қараша 2014
  • 511
Фото - Caravan.kz

Іс-шараға «ТРТ-Аваз» телеарнасының басшысы Юксел Дегержан, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі қызметкерлері, Анкара дипломатиялық корпусы мен анкаралық мәдени элитаның өкілдері, қоғамдық-саяси қайраткерлер, ТР Парламенті депутаттары, қазақ диаспорасы мен студенттер, сондай-ақ түрік бас қаласының мәдениет әуесқойлары қатысты.

«Бауырлас Қазақстан шеберлерінің концерті бізді қайран қалдырды. Қазақ музыкасында біз өзімізге жақын келетін түркі әуендерінің лебізін тыңдай алдық. Біз қазақ-түрік қарым-қатынастарының мәдени-гуманитарлық саласы бойынша да белсенді дамып келе жатқанына қуаныштымыз», — деп, «ТРТ-Аваз» телеарнасының басшысы Юксел Дегержан өз пікірін білдірді.

Концерт Түркиямен қоса, Еуропаның, Таяу Шығыс, Орталық Азия және Қазақстан сияқты өңірлерінің 50 шақты елінде тікелей эфирде көрсетілді.


Перейти к новостям спорта