Қазақстан мемлекеттіктің 550 жылдығына дайындалуда - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мемлекеттіктің 550 жылдығына дайындалуда

Қазақстан мемлекеттіктің 550 жылдығына дайындалуда

Қазақстанда 2015 жылы мемлекеттіктің 550 жылдығын мерекелеу шеңберінде жүздеген түрлі іс-шаралар жоспарланған.

  • 4 Қараша 2014
  • 2515
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді.

«550 жылдықты мерекелеу тұжырымдамасы жүздеген түрлі іс-шараларда қамтылған. Бұл шаралар, негізінен, жасампаз салаға бағытталған. Қазіргі кезде премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықованың басқаруымен үкіметтік комиссия құрылды», — деп ол бүгін Астанада өткен қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.

Минисрдің айтуынша, іс-шаралар барлық аймақтарда өткізіледі.

«Бүкіл республика осы тамаша оқиғаны кеңінен атап өтеді. Тарихи-мәдени мұра тақырыбына ерекше көңіл бөлінеді», — дейді А.Мұхамедиұлы.

Мемлекет басшысыеың тапсырмасы бойынша қазақ хандығы туралы  20 сериялы фильм дайындалады. Алдын ала жұмыстар басталып та кеткен, 2015 жылдың қаңтарынан бастап режиссерлер түсірілімге кіріседі, дейді министр.



Қазақ мемлекеттігінің 550 жылдығына дайындық және мерекелеуге рспубликалық бдюджетінің, жергілікті атқару органдарының бюджетінің, сонымен қатар тартылған қаражат салынған.
Бұл іс-шаралар соншалықты шығын келтірмейді, олар тарихи және идеологиялық бағытқа арналған.
Қазан айының соңында президент Нұрсұлтан Назарбаев Астана әкімімен кездесу кезінде келесі жылы Қазақстан қазақ мемлекеттігінің 550 жылдығын атап өтетінін мәлімдеген болатын.
"Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақ мемлекеттігінің тарихы сол кезден бастау алады.

Перейти к новостям спорта