Аңса Мұстафаның көрмесі Алматы метросында таныстырылады (СУРЕТ) - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аңса Мұстафаның көрмесі Алматы метросында таныстырылады (СУРЕТ)

Аңса Мұстафаның көрмесі Алматы метросында таныстырылады (СУРЕТ)

11 қараша күні Алматы қаласындағы Метроның «Байқоңыр» станциясында (Абай мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысы) танымал суретші Аңсаған Құрманғазықызы Мұстафаның (Аңса Мұстафа) көрмесі ашылады. Көрме қараша айының 25-іне дейін жалғаспақ. «Сөйле, сурет» атты көрменің негізін ғаламторда танымал суреттер құрайды. Бұл туралы шараны ұйымдастырушылар хабарлады. 

  • 7 Қараша 2014
  • 2799
Фото - Caravan.kz


«Көрме әлеуметтік желідегі оқырмандардың төл туындыны өз көзімен көргілері келетіндердің көптеген сұрауларынан кейін ұйымдастырылса да, негізгі мақсаты қазақ жастарына, жалпы жастарға, тәлім тәрбиені заманауи және әркімге бірден түсінікті инфографика тәсілін пайдалана отырып жеткізу. Сондықтан, көрмені жастардың қалың тоғысу орны, Метрода ұйымдастыру жөн деп ұйғарылды. Көрмені алдағы жылы еліміздің басқа да қаларына апару жоспарда бар», делінген хабарламада.

4Соңғы жылдары әлеуметтік желілерде Аңсаған Мұстафаның әр жаңалыққа, көтерілген проблемаларға арнап салынған суреттермен қатар, көбіне өз суреттері арқылы қалың оқырманның назарын жаңа тақырыпқа аударып, тың мәселелердің басын қозғап жататыны ғаламтор оқырманына мәлім. Қазақ жастарына арнап салынған суреттері түрік, жапон, грузин, қырғыз, ағылшын, орыс және тағы да басқа оншақты тілдерге аударылып, әлемге тарады. Кейбір суреттері фейсбуктің латын америка сегментінде, жергілікті ең танымал әртістердің рейтингісінен асып түскен. Бүгінде еуроодақта тарайтын, жапонияда тарайтын журналдар өз беттерінде қайта басуға рұқсат алып отыр. Оларға қайта басу қазақстандық басылым "Ақ босағаға" сілтеме жасап қайта басу хұқы тегін берілді. 
3 5 6 7

Перейти к новостям спорта