Ұлттық байқаудың финалына дейінгі екі апта ішінде Қазақстанның барлық сұлу бойжеткендерімен дефиле саласының кәсіби шеберлері, хореографтар, визажистер жұмыс істейтін болады.
Алғашқы күндері үміткерлер Қазақстанның белгілі фотографы Данил Олейниктің студиясында ресми фотосессия өтеді. Сондай-ақ, арулар әлеуметтік және спорттық іс-шараларға қатысады.
Ата кетейік, еліміздегі ең сұлу арудың кім екендігі 2014 жылдың 28 қарашасында Республика Сарайында белгілі болмақ. Өңірлік байқау жеңімпазы атанған 25 арудан басқа биыл олардың қатарына қарашаның 3-і мен 9-ы аралығында Мисс Қазақстан байқауының ресми сайтында (httpmisskazakhstan.kz) өткен онлайн-дауыс берудің 5 жеңімпазы қосылады.
Биылдан бастап, Мисс Қазақстан байқауын өткізу ережелеріне алғаш рет өзгеріс енгізілгенін естеріңізге сала кетейік. Кез келген өңірдің әрбір бойжеткеніне ресми сайтта өтінім беруге мүмкіндік берілді. Бірнеше ай бойы Қазақстанның ірі қалаларында кастингтер өтіп, нәтижесінде қазылар ең сұлу деген 100 қызды іріктеп алды. Солардың ішінде тек 5-еуі ғана финалға өтті.
Биылғы байқаудың ерекшелігі — «Қазақстан аруы» атағына лайық қызды анықтауда шешуші дауыс дауыс берушілердікі болмақ.
Финалда қазылар алқасы: Марат Оралғазин, Әли Оқапов, Луина, Салтанат Бекжігітова және Илья Ильин — қатысушылардың үздік үштігін таңдайды. Әрі қарай тікелей эфирде халықтық онлайн және sms-дауыс беру басталады. Шешуші сөз халықтың еншісінде. «Мисс Қазақстан» таңдауының әділ екендігіне көз жеткізу үшін қазылардың дауыс беру хаттамалары, онлайн және sms-дауыс беру хаттамалары 29 қарашада байқаудың ресми сайтында бәріне қолжетімді түрде жарияланады.
Сондай-ақ, жеңімпазға тәж, демеушілер ұсынған сыйлық пен халықаралық сұлулық байқауларына жолдамамен қоса осы ақшалай жүлде беріледі.