Петропавл тұрғындары «KEGOC» акциясын сатып алғысы келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавл тұрғындары «KEGOC» акциясын сатып алғысы келеді

Петропавл тұрғындары «KEGOC» акциясын сатып алғысы келеді

Бүгін Петропавлда «KEGOC» компаниясы өз акцияларын  «Халықтық IPO»-ға шығаруға арналған арнайы шара өткізді. Компания басшылары жиналғандарға бұл шараның халыққа қаншалықты тиімді  екендігін түсіндіріп, оны сатып алу ережелерін айтып берді. Еліміздің энергетика саласын ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап отырған ұлттық компанияның акцияларын сатып алуға қызығушылық танытқан қызылжарлықтар көп болды.

  • 14 Қараша 2014
  • 242
Фото - Caravan.kz

«KEGOC» компаниясының акциялары «Халықтық IPO» аясында сатылымға шығады дегенді естіп келген жұрттың қарасы қалың.  Жиналғандар алдымен компанияның қызметі туралы деректі фильм көрді.  Ал акциялардың халық үшін қаншама тиімді екенін және бұл қадамның  әлеуметтік қана емес саяси маңызын компания басшылығы айтып берді.

Бақытхан Жазықбаев, «KEGOC» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары:

-«Халықтық IPO» болғандықтан халыққа беретіні сол Ұлттық компанияларды біздің халыққа сатылып, Ұлттық компанияны басқарады өздері, одан кейін компаниядан түскен қаржылай дивидендтер алуына көмектеседі деп ойлаймын.

«KEGOC» 1997 жылы негізі қаланған. Оның иелігінде ұзындығы шамамен 500 мың шақырымды құрайтын Ұлттық электр торабы бар.   Компанияда қазір бес мыңға жуық адам еңбек етеді. Оның акциясын сатып алу үшін еліміздегі кез-келген «Казпошта» бөлімшесіне келіп өтініш білдіру керек. Бір акцияның құны 505 теңге.


Айдын Мақашев, Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны:

-Мен өзім Ғабит Мүсірепов ауданынан келдім. Бұл акцияларды сатып аламын деп ойлаймын өзім. Өйткені «KEGOC» компанисы мықты компаниялардың бірі және сенімді. Сатып алуымның себебі, үстінен жоғары пайда табамын деп ойлаймын.

Халықтың акцияларға мұншама қызығуында негіз бар. Өткені    компания өз қызметінен түскен таза пайданың 40 пайызын осы акциялардың дивиденттерін төлеу үшін жұмсамақшы. Еліміздің электр желілерін басқаратын компанияның акциялары 3-ші желтоқсанға дейін сатылымда болады.