Қыста жазғы доңғалақпен жүруге тиым салынбақ - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қыста жазғы доңғалақпен жүруге тиым салынбақ

Қыста жазғы доңғалақпен жүруге тиым салынбақ

Полиция жүргізушілердің қалтасын қағудың жаңа әдісіне қарық болды. Себебі, алдағы 1-ші қаңтарынан бастап Кеден Одағында көлік қозғалысына қатысты жаңа ереже өз күшіне енеді. Сол техникалық талапқа сай, жазғы доңғалақпен қыста, ал шегесі барымен жазда жүруге рұқсат жоқ.

  • 14 Қараша 2014
  • 215
Фото - Caravan.kz


Тиісті ереже күшіне енген соң, полицияға кең құзірет беріледі. Яғни олар кез-келген көлікті тоқтатып, доңғалақтардың маусымға сай ауыстырылғанын тексере алады. Қыста жаздық, ал жазда бұдырылы шегесі бар доңғалақпен жүрген жүргізушілерді айыппұл күтіп тұр. Аталған жаңа регламент бойынша қысқы доңғалақтардың қыртысы 4 мм, ал жазғысы 1,6 мм болуы тиіс. Талап орындалмаған жағдайда жүргізуші 9 мың теңгеден астам айыппұл төлейді. Сонымен қатар, Кеден Одағының жаңа құжатында доңғалақтардың сыртындағы қыртысының санына дейін көрсетіліп отыр. Мәселен, толық бір айналып жүргені 60-тан аспауы керек. Бірақ, бұндай шектеу 2016 жылдан бастап шығарылған доңғалақтарға қатысты қолданылмақ екен.