Ішкі Істер министрлігі травматиканы сатып алуға кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ішкі Істер министрлігі травматиканы сатып алуға кірісті

Ішкі Істер министрлігі травматиканы сатып алуға кірісті

Травматикалық қаруға тыйым салған Ішкі Істер министрлігі енді тұрғындардың қолындағы суық қаруды жаппай сатып алуға кірісті. Тығып ұстап жүрген травматиканы өз еркімен тапсырғандарды сыйақыға қарық қылмақ. Тіпті, төленетін қаражат көлемін Үкімет бекітіп, арнайы қаулы қабылдаған.

  • 14 Қараша 2014
  • 262
Фото - Caravan.kz


Жаңа қаулыда мынадай қару түрлері көрсетілген. Ең арзан «Стражник» тапаншасын тапсырғандарға 29 мың 520 теңге сыйақы беріледі. Бұдан өзге тізімде атақты немістің Вальтер тапаншасы, әсіресе, жастардың қолында емін-еркін жүретін «Оса» сияқты қарулар бар. Ал, ең қымбат сыйақы — 254 мың теңгені шенеуніктер MP 355 RFK тапаншасы үшін бермек. Мұндай қаруларды жұрт осы уақытқа дейін еш құжатсыз, тіркеусіз сақтап келген. Енді оны өз еркімен тапсырғандарға қылмыстық іс қозғалмайды, керісінше, сыйақы алады. Ішкі Істер министрлігінің травматиканы жинап алуы бекер емес. Себебі қылмыс көп аса қарудың осы түрімен жасалады екен. Оның үстіне кейбір мәліметтерге қарағанда 40 мыңнан астам қару айналымда заңсыз жүр.