Адам өлтіріп түрмеге қамалған 3 мың адам бостандыққа шыққан - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Адам өлтіріп түрмеге қамалған 3 мың адам бостандыққа шыққан

Адам өлтіріп түрмеге қамалған 3 мың адам бостандыққа шыққан

Елімізде адам өлтіріп түрмеге жабылған мыңдаған қылмыскер бостандыққа шықты. Соңғы төрт жыл ішінде үш жарым мыңға жуық сотталушы мерзімінен бұрын босатылған.

  • 14 Қараша 2014
  • 314
Фото - Caravan.kz


«Тенгриньюс» порталының, Бас прокуратураның мәліметіне сүйеніп таратқан ақпаратына қарағанда, 2010 жылдан бері адам өлтірген 4703 қылмыскер абақтыға жабылған. Есесіне, осы аралықта 3408 қылмыскер жаза мерзімін толық өтемей жатып еркіндік таңын көріп үлерген. Соттың осындай мейріміне бөленгендердің бірі — Ержан Өтембаев та жуырда ғана темір тордан шыққан еді. Астана соты 7 қараша күні оны күтпеген жерден жазадан босату туралы шешім шығарды. Өтембаев 2006 жылы Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіруге тапсырыс берді деген айыппен 20 жылға қамалған болатын. Бірақ, жазасының жартысын ғана өтеп  үйіне оралды.