Қапшағайдағы сарбаздың өліміне қатысты жаңа дерек шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қапшағайдағы сарбаздың өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Қапшағайдағы сарбаздың өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Қапшағайдағы әскери бөлімде өз-өзіне қол салған сарбаздың өліміне қатысты жаңа дерек! Әскери прокуратура «суицидке итермеледі» деген баппен қылмыстық іс қозғады.

  • 14 Қараша 2014
  • 282
Фото - Caravan.kz


Тергеушілер Бекболат Құрбановты өз-өзіне қол салуға мәжбүрлеген деп күдіктеніп отыр. Әзірге нақты кімдердің айыпталып жатқаны айтылған жоқ. Қапшағайда келісім-шартпен қызмет еткен 22 жастағы десантшының денесі өткен аптада асылып тұрған жерінен табылған. Марқұмның жақындары ұлдарының жәйден-жай асылмағанына сенімді. Тіпті олар о баста сарбаздың денесінде ұрып-соғу белгілері болғанын айтқан. Қара жамылған ата-ана бұған Бекболат қызмет еткен бөлім басшылығын кінәлап отыр. Ал командирлері десантшының банктерге белшеден қарыз екенін айтып, суицидтің себебі сол дегенді меңзеген болатын.