Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізуге әлемдегі ушығып бара жатқан эпидимиологиялық ахуал себеп болған. Қазір дүниежүзі Эбола вирусын ауыздықтай алмай жатыр. Салдарынан мыңдаған адам көз жұмды. Сондықтан мемлекет басшысы Эболадан бөлек, сібір жарасы, бруцеллез, туберкулез сияқты аурулардың алдын-алуды талап етті. Себебі ол ұлттық қауіпсіздікке төнген қатерлердің бірі. Тіпті Елбасы өкпе құртына қатысты шынайы ақпаратты жасырғандарға қатал шара қолдануға пәрмен берді. Яғни, халықты қатерлі індеттен қорғап, елімізге Эбола сияқты кеселдің таралмауын бақылауды тапсырды. Өйткені Қазақстанға келіп кетіп жатқандар көп.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Халықтың денсаулығын сақтау — мемлекеттің алдында тұрған міндеттердің бірі. Бұл да Ұлттық Қауіпсіздік жүйесінің басты бір бағыты екенін білесіздер.Тікелей ықпал ететін осы жағдайларға, біздің сыртқы және ішкі факторлар бар. Осының барлығына біз көңіл аударып, жұмыс керек.