Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайының жаңа директоры тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайының жаңа директоры тағайындалды

Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайының жаңа директоры тағайындалды

 ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бұйрығымен Гүлмира Шалабаева Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайының жаңа директоры болып тағайындалды,

  • 14 Қараша 2014
  • 429
Фото - Caravan.kz


деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.

Гүлмира Шалабаева  Қазақ КСР Мемлекеттік киносының бас редакторы, педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, ҚР Жастар ісі мемлекеттік комитетінің жетекші маманы, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің философия және политология институтының жетекші ғылыми қызметкері, Қазақстан Ғылым академиясының философия институтының бас ғылыми қызметкері болып қызметтер атқарды.

Мемлекеттік және халықаралық жүлделердің, құрметті атақтардың иегері, 50-ден астам ғылыми жұмыстардың авторы.