Қырғызстандағы жер сілкінісі мектеп, балабақша мен бірнеше тұрғын үйді зақымдады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстандағы жер сілкінісі мектеп, балабақша мен бірнеше тұрғын үйді зақымдады

Қырғызстандағы жер сілкінісі мектеп, балабақша мен бірнеше тұрғын үйді зақымдады

Жұма күні таңертең Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауындағы Қажы-Сай ауылында болған 7 баллдық жер сілкінісі кезінде орта мектеп ғимараты едәуір зақымданды.

  • 14 Қараша 2014
  • 1000
Фото - Caravan.kz


Салдарынан мектепте оқу тоқтатылды, деп хабарлайды Қырғызстан ТЖМ баспасөз қызметі.
«Мектепке қоса жергілікті бала-бақша ғимараты да бүлінген. Сонымен қатар бірнеше тұрғын үйдің тұруға жарамсыз болып қалғаны анықталды», — делінген хабарламада.
Қазір ведомство мамандары табиғаттың тосын мінезінен келтірілген залал деңгейін анықтау үшін ғимараттар мен нысандарды тексеріп жатыр. Соның ішіндще жақын маңда орналасқан уран қалдықтарын сақтайтын қойма мұқият тексерілуде. Бастапқы болжамдарға қарағанда, қойма зақымданбаған.
Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қырғызстанда жарты сағаттық үзіліспен екі рет жер сілкінді. Алғашқы тербелістің күші 6 балды, екінші дүмпу 4,2 балды құрады. Алматы тұрғындары да 3-4 балдық тербелісті сезінді.