Павлодарда сегіз айлық қызын тастап кеткен көкек ана ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда сегіз айлық қызын тастап кеткен көкек ана ұсталды

Павлодарда сегіз айлық қызын тастап кеткен көкек ана ұсталды

Павлодарда сегіз айлық баласын жаңа танысқан ер адамға ұстатып, ізін суытқан келіншек ұсталды. Көкек ана алысқа ұзай алмаған екен. Полицейлер 19 жастағы Айсұлу Тәкішеваны автовокзал маңынан тапты. Сірә басқа қалаға із суытқысы келсе керек. Енді сәбиіне тамақ тауып бере алмай, тастауға мәжбүр болғанын айтып ақталуда.

  • 15 Қараша 2014
  • 434
Фото - Caravan.kz


— В городе оказались как?

— Приехала сюда работать я.

— А ребенка оставили для чего?

— На время просто оставила…

— Хотите ребенка забрать?

— Да хочу…

Бір апта бұрын жаңа танысқан жігітке кездесуге сәбиімен барған Айсұлу Тәкішева баласын оған ұстатып, қашып кеткен. Ал полицейлер бүгін бойжеткенді автовокзал маңындағы дәмханалардың бірінен ұстады. Бауыр еті баласын уақытша тастағанын айтқан келіншек, баспана мен жұмыс іздеп таппақшы болдым дейді. Бұған дейін Екібастұз ауданында туған әкесімен бірге тұрып келген екен. Сегіз айлық Қарақат есімді қызы қазір облыстық балалар ауруханасы дәрігерлерінің қарауында. Енді сәбидің алдағы тағдырын сот шешеді. Ал тасбауыр анадан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынып, қылмыстық іс қозғалды.