III халықаралық «Дала дауысы» радиофестивалі Астана төрінде өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
III халықаралық «Дала дауысы» радиофестивалі Астана төрінде өтеді

III халықаралық «Дала дауысы» радиофестивалі Астана төрінде өтеді

28-қараша күні Елорда төрінде III халықаралық «Дала дауысы» радиофестивалі өтеді. Қазақ радиосының бастамасымен үшінші рет өткізіліп отырған қазақтың дәстүрлі және заманауи әндерін асқақтататын бұл ән байқауында «Дәстүрлі ән», «Академиялық орындаушы», «Эстрада», «Этно эстрада», «Жаңа есімдер» аталымдары бойынша бақ сынап, жеңімпаз атанған орындаушылар салтанатты түрде марапатталады, деп хабарлады daladauysy.kaztrk.kz. 

  • 18 Қараша 2014
  • 348
Фото - Caravan.kz

«Кезінде әсем дауысымен қазақтың дәстүрлі әнін шырқап, оны әлемге мойындатқан Әміре Қашаубаев, Қали Байжанов, Манарбек Ержанов, Күләш Байсейітова, Жүсіпбек Елебеков, Дәнеш Рақышев, Жамал Омарова сынды күміс көмей әншілерінің салып кетукен сара жолын үзбей, қазақтың ән өнерінің әлеуетін асқақтату мақсатында 2012 жылы Қазақ радиосының бастамасымен «Дала дауысы» жобасы ашылды. Бұл — қазақ музыкасы арқылы ана тілімізді әлем халықтарының арасында барынша насихаттайтын еліміздегі бірінші әрі, жалғыз радиофестиваль. Басты талап — фестивальға қатысушылардың, тіпті ол шет елдік үміткерлер болса да, қазақ әнін нақышына келтіріп орындау. Сол себепті де осы аз ғана уақыт ішінде бұл жоба радиофестиваль шеңберінен асып, беделді музыкалық шеруге айналып отыр», делінген хабарламада. 

Кәсіби орындаушылар арасында аталған шараның жылдан-жылға беделі өсіп, шет елдік орындаушылардың қызығушылығын арттыруда. Өткен жылы «Дала дауысы» родиофестиваліне қатысуға отандық әншілермен қоса, Ресей, Түркия, Қытай, Манғолия және Қырғызстаннан да үміткерлер ниет білдірген болатын. 

Ал биылғы жылы өтініш Қытай, Ресей, Украина, Белорусия, Татарстан, Қырғызстан, латвиялық орындаушылардан да келіп түсті. «Дала дауысының» іріктеу турынан өткен әрбір шығарма миллиондаған тыңдарманға Қазақ радиосының эфирі мен ғаламтор арқылы тарады. Осылайша халықтың көңілінен шығып, 100 пайыз дауыс жинаған үздік орындаушы байқау финалына жолдама алды. Ал, ақтық сайыста «Дала дауысы» сыйлығының иегерлері 40 пайыз тыңдарманның дауыс беруімен, 40 пайыз мамандардың сараптауымен, 20 пайыз жоба ұйымдастырушыларының ұсынысы бойынша анықталады. Олардың есімдері III халықаралық «Дала дауысы» радиофестивалінің гала-концертінде жарияланып, салтанатты түрде арнайы диплом және «Дала дауысының» эксклюзивті статуэткасымен марапатталады.

null

Перейти к новостям спорта