Жанар Доғалова Тurkvizyon-2014 байқауының финалына жолдама алды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жанар Доғалова Тurkvizyon-2014 байқауының финалына жолдама алды

Жанар Доғалова Тurkvizyon-2014 байқауының финалына жолдама алды

Жерлесіміз Жанар Доғалова Тurkvizyon-2014 байқауының финалына жолдама алды, деп хабарлады www.24.kz.

  • 21 Қараша 2014
  • 486
Фото - Caravan.kz

Байрақты бәсеке биыл Ресейдің Қазан қаласында өтуде. Қазан қаласында арнайы сұхбат берген жерлесіміздің пікірінше, бұл сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Жартылай финалда бірінші нөмірмен өнер көрсеткен жерлесіміз ақтық сында да сахнаға бірінші болып шығады. Ал күні кеше финалдық жолдамаға таласқан 25 өнерпаздың арасынан Жанар Доғалова 188 балмен 3-орынды иеленді.
Тurkvizyon-2014 байқауының финалы 21 қараша күні өтеді. Қазақстандықтар ән додасын «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде бүгін сағат 21.00-де көре алады.


Перейти к новостям спорта