Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Өнеріміз саған - Қазақстан» атты фестиваль өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Өнеріміз саған - Қазақстан» атты фестиваль өтеді

Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Өнеріміз саған - Қазақстан» атты фестиваль өтеді

Алматыда бүгін Қазақконцерт залында кешкі сағат 18:30-да ҚР Тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығының құрметіне орай Қазақстанда өмір сүретін этникалық топтардың фестивалі өтеді.

  • 28 Қараша 2014
  • 480
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Музыка қайраткерлері одағы төрағасының орынбасары Әльфия Байжанова мәлімдеді.    

«Өнеріміз саған — Қазақстан» деп аталатын бұл фестивальде этникалық топтардың өкілдері тек қазақ билерін билеп, қазақ әндерін шырқайды. Сонымен қатар, қазақ композиторларының да шығармаларын орындайды. Фестивальдің басты мақсаты —   Қазақстанда өмір сүретін этникалық топтар арасында қазақ халқының мәдениеті мен өнерін насихатту» — деді Ә. Байжанова. 

Фестивальдің құрметті қонағы — Қазақстанның халық әртісі Лаки Кесоглу.


«Сондай-ақ фестивальге этномәдени орталықтардың этникалық топтарының белгілі өнерпаздары Янис Кайфиди (вокал), Василиса Муромцева (домбыра), Георгий Югай (домбыра), Айдана Садықова (вокал), Фуат Маликов (домбыра) және Қалбинұр Разиева (вокал) қатысады — деді ол

Салтанатты шараны Қазақстанның Музыка қайраткерлерінің одағы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдаумен ұйымдастырып отыр.   

Перейти к новостям спорта