АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы Ресейдің әрекетін айыптайтын қарар қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы Ресейдің әрекетін айыптайтын қарар қабылдады

АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы Ресейдің әрекетін айыптайтын қарар қабылдады

АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы Ресейдің көрші елдерге қатысты әрекетін айыптайтын N758 қарар жобасын мақұлдады.

  • 5 Желтоқсан 2014
  • 409
Фото - Caravan.kz


Құжатта Ресейдің саяси және экономикалық басымдыққа қол жеткізу мақсатында көрші елдерге қатысты агрессивті саясат жүргізуіне бағытталған әрекеті айыпталған.
Қарарда АҚШ президенті Барак Обамаға Ресейді Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзуын доғаруды, украин аумағынан жасағы мен жабдығын алып кетуді, сепаратистік күштерге қолдау көрсетуді тоқтатуға мәжбүрлеу үшін Ресейге қатысты виза беруге тыйым салу, активтерге тыйым салу, секторалдық санкциялар және өзге шаралар енгізу арқылы АҚШ одақтастарымен және Еуропадағы әріптестермен және өзге елдермен ынтымақтастық жүргізуге үндеу қамтылған.
Қарар жобасы өкілдер палатасының қарауына 18 қарашада берілген.