"9 ай үнсіз болдық": Істі болған Жанабыловтар ел алдына қайта шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"9 ай үнсіз болдық": Істі болған Жанабыловтар ел алдына қайта шықты

"9 ай үнсіз болдық": Істі болған Жанабыловтар ел алдына қайта шықты

Істі болған танымал блогер Ерболат Жанабылов әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады.

  • 26 Мамыр
  • 4
Фото: Видеодан скрин. Коллаж: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол қиын кезде қолдау білдіріп, тілекші болған оқырмандарына алғысын білдірген.

«9 ай үнсіз болдық. 4 ай әлеуметтік желіде болмадық. Осы уақыт ішінде көп нәрсе өтті соттар, уайым, отбасымызбен бірге қиын кезеңнен өттік. Бірақ бүгін қайта оралып отырмыз. Жаңа күшпен,жаңа оймен.

Осы уақыт бойы бізге жазған, күткен, қолдау көрсеткен жандардың бәріне үлкен рахмет. Сіздердің қолдауларыңыз бізге күш берді. Бізбен бірге болғандарыңызға рахмет», — деп жазды ол.

Еске сала кетейік, Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға Қылмыстық кодекстің 214-бабы (заңсыз кәсіпкерлік) және 218-бабы (қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру) бойынша айып тағылған еді. 27 сәуірде сот үкімімен ерлі-зайыпты блогерлер Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша да кінәлі деп танылды.

Сот Ерболат Жанабыловқа 2 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, пробациялық бақылау белгіледі. Сондай-ақ, оның мүлкі тәркіленеді.

Эльмира Төлегеноваға сот 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, жазаны ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтеуді және мүлкін тәркілеуді белгіледі. Сонымен қатар, оның кәмелетке толмаған үш баласының болуына байланысты жазаны өтеу 2 жылға кейінге қалдырылды.