Тайланд королі 87 жылдығында көпшілік алдына шығудан бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тайланд королі 87 жылдығында көпшілік алдына шығудан бас тартты

Тайланд королі 87 жылдығында көпшілік алдына шығудан бас тартты

Дәрігерлер Таиланд королі Пумипон Адульядетке  денсаулығынан ақаудың шығуына орай,  туған күнінде көпшілік шараларға қатыспауға кеңес берді,

  • 5 Желтоқсан 2014
  • 370
Фото - Caravan.kz


делінген король сарайынан жұмада таралған мәлімдемеде.
Қазан айында П.Адульядет температурасы жоғары болып, қан қысымы көтерілгендіктен ауруханаға жатқызылған болатын. Артынан оған жасалған өт қабын алып тастау операциясы сәтті өткен.
Соңғы рет тайлық монарх халық алдына биыл қараша айында шыққан екен.
П.Адульядет 1946 жылдан бері Тайланд королі, ол елдің тарихында монархтардың ішінде тақта ең ұзақ отырған монарх болып саналады.