Ақмола облысында ауылда өндірілетін өнім экспортқа шығарылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында ауылда өндірілетін өнім экспортқа шығарылуда

Ақмола облысында ауылда өндірілетін өнім экспортқа шығарылуда

Ақмола облысында Петровка ауылындағы диірмен кешені өз өнімін экспортқа шығару үшін жетілдіруде, деп хабарлады strategy2050.kz аймақ әкімдігіне сілтеме жасап.

  • 6 Желтоқсан 2014
  • 783
Фото - Caravan.kz


«Сандықтау-Астық» диірмен кешенінің өнімі аудандағы ауыл шаруашылығын өңдейтін ірі кәсіпорын болып есептеледі.Оған Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей қызығушылық танытуда.

Айта кетерлігі, жобаның қуаттылығы тәулігіне 70 тоннаны құрайды, 50 тонна ұн шығарады. Мекеме заманауи қондырғымен жабдықталған, дайын өнімді сақтайтын қойма да бар. Кәсіпорын Астана мен Оңтүстік Қазақстан облысын ұнмен қамтамасыз етіп отыр. Бұл жерде ауылдың 30 тұрғыны еңбек етуде.