«ЖанШуақ» сыйлығы мәдениет, спорт, білім, эстрада салалары және қолданбалы өнердің барлық түрлері бойынша жоғары жетістікке жеткені үшін мүмкіндігі шектеулі жандарға беріледі.
Сондай-ақ, Бауыржан Байбек аталған шараға қатысушылардың өмірге құштарлығы, талпынысы, табандылығы мүмкіндігі шектеулі жандарға үлгі боларлық іс екеніне және ерекше күш-жігер беретініне тоқталды.
7 аталым бойынша сыйлыққа ие болғандар:
«Мүгедек жандардың өмір сапасын жақсартқаны үшін» сыйлығы — Дүйсенғали Оспанов, Қостанай қ.
«Мүмкіндігі шектеулі жандардың ҚР қоғамдық қызмет саласындағы айтулы жетістіктері үшін» сыйлығы — Гүлмира Батпақұлова, Орал қ.
«Мүмкіндігі шектеулі жандардың ҚР қолданбалы өнер саласындағы айтулы жетістіктері үшін» сыйлығы — Алина Лампартер, Қостанай қ.
«Мүмкіндігі шектеулі жандардың ҚР мәдениет саласындағы айтулы жетістіктері үшін» сыйлығы — Нүркен Бектасов, Семей қ.
«Мүмкіндігі шектеулі жандардың ҚР вокалдық орындаушылық саласындағы айтулы жетістіктері үшін» сыйлығы — Ләззат Салықова, Қапшағай қ.
«Мүмкіндігі шектеулі жандардың арбада отырып өнер көрсету бойынша айтулы жетістіктері үшін» сыйлығы — Талғат Аманбеков, Тараз қ.
«Мүмкіндігі шектеулі жандардың ҚР спорт саласындағы айтулы жетістіктері үшін» сыйлығы — Дмитрий Ли, Астана қ.
Ресми дерек бойынша бүгінде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі 650 мың адам өмір сүруде. Олардың көпшілігі талантты және мақсаткер жандар. Жыл сайынғы «Шексіз мүмкіндіктер» акциясы мүгедек жандарға денсаулығындағы ақауға қарамастан оның қоғамның толыққанды мүшесі бола алатынын дәлелдеуге, бақытқа лайықты екенін сезінуге зор мүмкіндік береді.
