«Мәскеуде қазақ әндерінің музыкалық конкурсы «Алтын күз-2014» жастар фестивалі өтті. Конкурстың барлық қатысушылары мен ұйымдастырушыларын осы тамаша өткізілген ән мерекесімен құттықтаймын», — деп жазды ол.
Қазақ әндерінің «Алтын күз-2014» Мәскеу жастар фестивалі жыл сайын «Мұрагер» Мәскеу қазақ мәдениеті қоғамы мен «Қазақ диаспорасы» Мәскеу қоры» коммерциялық емес ұйымының ұйымдастыруымен және Мәскеу қаласының өңіраралық ынтымақтастық, ұлттық саясат және діни ұйымдармен байланыс департаментінің және Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің, Еvent agency East project және Ресей жоғары оқу орындарындағы қазақ студенттері бірлестігінің қолдауымен өткізіліп келеді.