"Бұл қызықты жаңа жоба, ол халықтың ақшасына түсіріліп отыр.Халық интернет арқылы 24 млн рубль немесе 700 мың доллар жинады. Бірақ фильмді түсіру үрдісі ұзарып кеткендіктен, ол қымбаттауға түсіп отыр, сол себепті біз екі министрлік бұл жобаға қолдау білдіру керек деп шештік”, деді В.Мединский.
Оның айтуынша, Ресейдегілер де, Қазақстандағылар да әрдайым панфиловшылардың ерлігін ұмытпайды.
Қазақстан мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы атап өткендей, фильм Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығын атап өтуге орайластырылмақ.
"Біз ол ерлікті жоғары бағалаймыз, Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында киношедевр жасауға тиіспіз. Оны шенеуніктер емес, халықтың шығарып отырғанының өзі керемет нәрсе”, деді министр.
Оның айтуынша, фильм орыс тілінде шықпақ. “Біз фильмнің орыс тілінде түсірілгендігін дұрыс деп санаймыз, арасында қазақ тілінде эпизодтар болады”, деді ол.
Фильмнің ресми сайтындағы хабарламаға қарағанда, оқиға 1941 жылы күзде өтеді. Генерал Иван Панфилов басқарған 316 атыс дивизиясының 28 жауынгері 1941 жылы 16-қарашада Дубосековода қорғаныс құрып, неміс танк батальонының Мәскеуге барар жолында бөгет болған.

