«Астана Опера» театрында Мұқағали Мақатаевтың 84 жылдығына орай музыкалық-поэзиялық концерт өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана Опера» театрында Мұқағали Мақатаевтың 84 жылдығына орай музыкалық-поэзиялық концерт өтеді

«Астана Опера» театрында Мұқағали Мақатаевтың 84 жылдығына орай музыкалық-поэзиялық концерт өтеді

 Қазақтың маңдайына біткен аса көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың 84 жылдығына орай 8 ақпанда «Астана Опера» театрының Мәрмәр залында музыкалық-поэзиялық концерт өтеді, деп хабарлады театрдың баспасөз қызметі.

  • 3 Ақпан 2015
  • 596
Фото - Caravan.kz

Мақатаевтанушы, филология ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Сәуле Әбішева  «Мақатаев жырларының құпиясы неде? Олардың қайталанбас әсерлі келетіні неден? Жаныңды баурап алып, не себепті жібермей қояды?»,  деген сұрақтарға жауап іздеумен келеді: «Адам болмысына деген махаббат, өмірге деген махаббат, оның барлық көріністері — мәні мен мазмұны жағынан философиялық болып табылатын оның поэзиясының феномені. М. Мақатаевтың өлеңдері оның Отанына, туған жеріне, халқына және туған тіліне деген махаббатының негізінде өріліп, бойға нағыз патриоттық қуат береді», — дейді Сәуле Әбішева. Кемеңгер  ақын өзін ХХI ғасырдың ұрпағымен құрдас екенін, мүмкін, одан арғы буынмен туыс шығармын  деп жазған…

«Астана Опера» театрының көркемдік басшылығы екі ұлы жауһар — Мұқағали Мақатаевтың «Моцарт. Жан азасы» поэмасы мен В. А. Моцарттың «Реквиемін» бір концерт аясында біріктіруді жөн көрді. Осылайша, көрерменге музыкалық-поэзиялық диалог ұсынылады. Композитордың ұлы музыкасына ақын өлеңмен жауап қатты. Вольфганг Амадей Моцарттікі сияқты Мұқағали Мақатаевтың да ғұмыры қысқа, алайда жарқ еткен шығармашылық өмір болды. «Реквием» — екеуінің де соңғы шығармасы. Музыкалық-поэзиялық «Реквиемді» тыңдап отырып, бастан кешкен әрбір күннің қуанышы мен өмірдің құндылығы жайлы еріксіз ойға батасың», — дейді Байғали Момбеков.  

Кеште «Астана Опера» театрының солистері: сопрано, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Ниязова; меццо-сопрано, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзина; тенор Рамзат Балақышиев; бас Болат Есімханов өнер көрсетеді; Мұқағали өлеңдерін — ҚР еңбек сіңірген қайраткері Байғали Момбеков; концертке «Астана Опера» хоры және симфониялық оркестрі қатысады, дирижер — ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов. 


Перейти к новостям спорта