2 маусымнан Астанадан Сеул мен Тбилиси қалаларына әуе рейстері ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2 маусымнан Астанадан Сеул мен Тбилиси қалаларына әуе рейстері ашылады

2 маусымнан Астанадан Сеул мен Тбилиси қалаларына әуе рейстері ашылады

2015 жылғы 2 маусымнан бастап «Эйр Астана» әуе компаниясы Корея астанасы Сеул және Грузия астанасы Тбилиси қалаларына тура әуе рейстерін ашады.

  • 27 Мамыр 2015
  • 270
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Астана халықаралық әуежайының ресми сайтында хабарланған. 

Алдағы уақытта елорда тұрғындары мен қонақтары Сеул қаласына жайлы, ұзақ магистральді «Боинг-767» әуе лайнерімен аптасына бір рет — сейсенбі күні және Тбилиси қаласына Эмбраер-190 бортында аптасына екі рет — сейсенбі және сенбі күндері ұшатын болады.
Жаңа бағыттар жолаушылар ағынын арттырып, елдер арасындағы туристік және экономикалық әлеуетті дамытуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды astana.kz


Естеріңізге сала кетейік, сондай-ақ Астанадан Дубай, Гонконг, Сингапур, Нью-Йорк және Токио бағыттары бойынша рейстер ашылады.