Ғалымдар: Бақытты неке бұзылуға бейім - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалымдар: Бақытты неке бұзылуға бейім

Ғалымдар: Бақытты неке бұзылуға бейім

Италия зерттеушілері шынайы махаббатпен бас қосқан жұптардың некелерінің тұрақтылығына күмән келтіретін кері тұжырым жасады.

  • 27 Мамыр 2015
  • 681
Фото - Caravan.kz

Ғалымдар бір-біріне ғашық болып қосылған бақытты неке сезімге берілгендіктен, дағдарысқа бейім болып, жиі ажырасуға алып келетінін нақтылады.

Зерттеу авторлары бір-біріне бауыр басып, ыстық сезіммен қосылған бақытты отбасында сыйластықпен бір-біріне үйренісіп кеткен отбасыға қарағанда, ұрыс-керіс жиі орын алады деген қорытындыға келді. Бақытты некедегі ерлі-зайыптылар өздерін лайықты бағаланбай жүргендей сезініп, сүйіктісінің әр әрекетін, сөзін көңіліне алып, уайым-қайғыға түседі, деп санайды мамандар. Нәтижесінде түсінбестік орын алып, бір-бірінің жанын жаралап, ақыр соңы ажырасуға алып келеді.

Бұл қарама-қарсы тұжырым 2000 жұпқа сауалнама жүргізу нәтижесінде расталды, деп хабарлады  "Медикфорум". Бір-бірін сүйіп қосылған отбасы жиі ұрыс-керіске бой алдырып, кешіріммен қарағысы келмейді. Ажырасқаннан кейін де бір-бірін ұмыта алмайтынына қарамастан, мұндай бақытты неке бұзылуға бейім келеді.