Ақпаратқа қарағанда, Қостанай мен Ақтөбе облыстарында 112 475 бөкен қырылған.
Ақмола облысында осы кезге дейін 8502 бөкеннің өлексесі көмілген.
Қырылған жануардың есебі көмілген кезде жүргізіліп отыр, деді баспасөз қызметінен.
Қазақстандық биотүрлілікті сақтау қауымдастығының ақпаратына қарағанда 2014 жыл бойынша бөкендерді санаудың мемлекеттік есебінің нәтижелері бойынша Қазақстанда бөкен саны 300 мың болған, бұл 2013 жылға қарағанда 50 мыңға артық еді.