Павлодарда өлдіге саналған науқас мәйітханада есін жиды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда өлдіге саналған науқас мәйітханада есін жиды

Павлодарда өлдіге саналған науқас мәйітханада есін жиды

Мәйітханада тірілген науқас! Павлодарда екі ай бойы облыстық туберкулезге қарсы диспансерде емделген тұрғын өлдіге саналып, үш сағат бойы мекеме мәйітханасында жатқан. Туберкулездің ашық түрімен ауданнан қалаға жеткізілген қария мұнда тиісті ем-дом қабылдап жүрген екен. Кенеттен жүрегі тоқтап қалған Евгений Гречко мәйітханада бір-ақ ояныпты.

  • 28 Мамыр 2015
  • 296
Фото - Caravan.kz

Туберкулездің ашық түрімен ауыратын 68 жастағы Евгений Гречко облыстық тубдиспансерге екі ай бұрын түскен. Кейін сырқаты асқынып, қария есінен танып қалған екен. Дәрігерлер өлдіге санаса керек, мүрделердің ортасынан бір-ақ шығыпты.

Евгений Гречко:

-Олар мені өлді деп шатасқан. Жүрегім тоқтап қалды ма, әйтеуір, көзімді ашқанда мәйітханада жаттым. Қозғалғанымды көрген санитарлар атып шығып, мейірбикелерді шақырды. Олар мені жансақтау бөліміне ауыстырды.

Тубдиспансер басшылығы науқастан осы келеңсіздік жайлы ешкімге тіс жармауын сұрапты. Емделуге келіп, о дүниеге аттанып кете жаздаған  қария енді үйіне жіберілген.

Ирина Гречко, Е.Гречконың қызы:

– Әкемнің жүрек талмасы ұстаған сияқты. Оны өлдіге санап, мәйітханаға тастаған. Біз келгенше бөлімшеге ауыстырып, «түс көрдім» деп айтсын депті мұндағылар. Бұл – дәрігерлер тарапынан кеткен қателік.

Ал тубдиспансер басшылығы оқиғаның басқаша баяндауда. Ауыр хәлде түскен науқас қарқынды емдеу терапия бөліміне жатқызылыпты. Сонда оған әлдебір нәрселер елестеуі мүмкін,-деп отыр.

Ризвангүл Смағұлова, Павлодар облыстық тубдиспансері бас дәрігерінің орынбасары:

-Жанында кезекші дәрігерлер болды. Сондықтан оның мәйітханаға түсуі мүмкін емес. Дәрілердің мөлшері өзінің салмағына науқастың белгілеріне байланысты жазылады. Сондықтан препараттардан ондай болу тағы мүмкін емес.

Қарияның мәйітханаға түскенін жоққа шығарған ақхалаттылар құрт ауруының ашық түрімен түскен науқасты небәрі екі айда емдеп шыққандарын айтуда. Тек ем-домы үзілген оның ендігі жағдайы күрт ауырлауы мүмкін дейді мамандар. Ал бұған иланбаған қарияның туыстары жұмысына салғырт қараған дәрігерлерден өтемақы ретінде тегін ем мен шипажайға жолдама талап етпек.