Бұл мұғалім бір жайтқа қатты ашуланған тәрізді. Әйтеуір, шәкіртіне дікеңдеуі жаман. Оқушыға ауызына келгенін айтуда. Тіпті беті-басын жұлғылап, ауызына түкіруге дейін барған. Баланың намысына тиіп, оның жігіт еместігін де бетіне басты. Ал осы жолғы оқушы шыдамды екен. Ұстазына қарсы қылық танытқан жоқ. Тіпті сөмкесін лақтырып, «кет-кеттің» астына алып жатса да. Әзірге оқиғаның нақты қай мектепте болғаны белгісіз. Таспа авторы Оңтүстік Қазақстан облысындағы оқу ордасының бірі деп айтапты.