Маусым айында министрлер мен Мәжіліс депутаттары азаматтарды қабылдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маусым айында министрлер мен Мәжіліс депутаттары азаматтарды қабылдайды

Маусым айында министрлер мен Мәжіліс депутаттары азаматтарды қабылдайды

Маусым айында «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында

  • 28 Мамыр 2015
  • 413
Фото - Caravan.kz

министрліктердің басшылары мен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары азаматтарды қабылдайды, деп хабарланған аталмыш партия сайтында.

Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі, полицияның генерал-полковнигі Қалмұхамбет Қасымов азаматтарды 10 маусымда қабылдайды.

3 маусымда — Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі Е.Иманғалиев, 5 маусымда — Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының кеңесшісі Г.Айманбетова, 12 маусымда — Қазақстан Республикасының инвестиция және даму министрлігінің бірінші вице-министрі Ж.Қасымбек, ал 17 маусымда — Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрі С.Омаров ел тұрғындарының шағым-тілектерін тыңдайды. Ал 19 маусымда — Қазақстан Республикасы сырты істер министрінің орынбасары А.Мусинов, 24 маусымда — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қ.Қожамжаров, 26 маусымда — Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі М.Құсайынов азаматтарды қабылдайды. 
Сонымен бірге «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары — «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері азаматтардың қабылдауын өткізеді.
Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Құттықожа Ыдырысов 2 маусымда, 4 маусымда аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Ромин Мадинов азаматтарды қабылдайды.
9 маусымда — әлеуметтік-мәдени даму бойынша комитетінің мүшесі Светлана Ферхоның, 11 маусымда — Қаржы және бюджет бойынша комитетінің төрағасы Гүлжан Қарағұсованың, 16 маусымда — заңнама және сот-құқықтық реформалар бойынша комитетінің мүшесі Ольга Киколенконың, 18 маусымда — экология және табиғатты пайдалану бойынша комитетінің мүшесі Шавкат Өтемісовтің, 23 маусымда — халықаралық іс, қорғаныс және қауіпсіздік бойынша комитетінің мүшесі Үсенгелді Медеуовтің, 25 маусымда — әлеуметтік-мәдени даму бойынша комитетінің мүшесі Мейрам Бегентаевтың азаматтарды қабылдауы жоспарланған.