Қазақстанда балабақшалардағы орын саны 500-ге дейін ұлғайтылады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда балабақшалардағы орын саны 500-ге дейін ұлғайтылады

Қазақстанда балабақшалардағы орын саны 500-ге дейін ұлғайтылады

Қазақстанда балабақшалардағы орын саны 500-ге дейін ұлғайтылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте

  • 28 Мамыр 2015
  • 512
Фото - Caravan.kz

ҚР Парламенті Мәжілінің депутаты Гүлмира Исімбаева айтты.

Оның атап өтуінше, бүгінгі таңда елімізде жұмыс істеп тұрған балабақшаларда орын саны 320 балаға шақтап салынған. Сондықтан да депутаттар олардағы орын санын 500-ге дейін ұлғайту бастамасын  көтеріп отыр.

«Біз сарапшылар тобына Алматы мен Астана сынды қалалардағы балабақшалардағы орын санын 500-ге дейін ұлғайтуды ұсынудамыз. Мұндай тәжірибе көптеген елдерде бар. Мәселен, Ресей балабақша тапшылығын жою үшін осындай қадамға барып отыр», — деді Г.Исімбаева.

Айта кетерлігі, Алматы мен Астана қаласында және Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтылу деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен біршама төмен болып отыр.