Ең құндыларының қатарында Ахмет Байтұрсынұлының 1914 жылы Орынборда басылған «Қазақ әліпбиі». Одан өзге 1952 жылы шыққан, 65 мың сөзден тұратын орыс-қазақ- қытай сөздігі, Бальмонттың қалта кітаптары да қойылған. Құнды еңбектер, негізі, белгілі бір температурада арнайы бөлмелерде сақталады. Сондықтан оны қолға ұстамақ түгілі, көрудің өзі қиын. Ал мына көрмедегі ең ауыр кітап – 19-шы ғасырда көне славян тілінде басылған «Византия империясының тарихы». Салмағы 5 келіден асады.
Ақмарал Дәуітқұлова, мұражай қызметкері :
-Ол кітаптың мұқабасы қойдың терісінен жасалған деген болжам бар. Бұл кітаптың электрондық нұсқасын жасадық.