Алматыда оқушылар қорғануды үйренді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда оқушылар қорғануды үйренді

Алматыда оқушылар қорғануды үйренді

Алматыда оқушылар жаппай пайдалы іске машықтануда. Олар тосын жәйтке тап болған жағдайда өзін қорғауды, науқастанған адамға алғашқы жәрдем көрсетуді үйреніп жатыр. Ең бастысы, жеткіншектерге көлік қозғалысы көп жолдан өткенде ережелерді қатаң сақтау керектігі түсіндірілді.

  • 29 Мамыр 2015
  • 206
Фото - Caravan.kz

Осы орайда бүгін жас инспекторлардың кезекті слеті өтуде. Мұнда Алматы оқушыларының дені жиналыпты. Жеткіншектерге жедел жәрдем қызметінің мамандары мен жол сақшылары дәріс берді. Жолдан қалай өту керектігін, велосипедке отырған жағдайда жолдың қай бөлігімен жүру керек деген сынды ережелер түсіндірілді. Бұл балаларды алда Қостанай қаласында өтетін жас инспекторлардың халықаралық слеті күтіп тұр.

Жандос Мұратәлиев, Алматы қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:

— Балалар  жолға шыққан кезде назар аудармай қалады. Көлік бар ма жоқ па. Бір-бірімен ойнап жүргендері, велосипед теуіп жүргендері жолға шығып кетеді.Сондайды болдырмау үшін, осындай іс-шара ұйымдастырып жатырмыз.