Алматыда автобустарға арнайы жолақтар жасалып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда автобустарға арнайы жолақтар жасалып жатыр

Алматыда автобустарға арнайы жолақтар жасалып жатыр

Бәсекеге жол жоқ! Алматыда «клиент» үшін бір-бірімен жарысып жүретін автобус жүргізушілеріне тыйым болатын сияқты. Өйткені оларға арнайы жолақтар жасалып жатыр.

  • 29 Мамыр 2015
  • 243
Фото - Caravan.kz

Қоғамдық көліктен басқа машиналардың жүруіне тыйым салған жол белгілері бірінші боп Абай даңғылына сызылуда. Ал осы қалың жолақтан өткен өзге көліктерге айыппұл салынады. Әзірге көшенің жартысы ғана боялыпты. Автобустарға арналған жол келесі айдың ортасынан бастап іске қосылмақ. Жаңа ереже қоғамдық көлік жүргізушілеріне жол көрсетіп қана қоймай, оларды жөнге салады деген сенімде шенеуніктер.        

Талғат Әбдірахманов, Алматы қаласы әкімдігі жолаушылар көлігі басқармасының жетекшісі:

Арнайы сызу орнатылады. Одан кейін белгілер орнатылады. Сол жерде тек қана қоғамдық көліктің жүруге құқығы болады.