Нұрлыбек Асылбеков, Астана қаласы Тұтынушылар құқығын қорғау депртаментінің басшысы:
-8 мың адам лабораториялық тексеруден өтті. Олардың басым бөлігі аспаз, даяшы мен асхана қызметкерлері. 9 тұрғыннан сальмонеллез инфекциясы анықталды. Өткен жылмен салыстырғанда биыл жұқпалы ауруға шалдыққандардың саны 4 есе көп.
Дәрігерлердің айтуынша, негізінен астаналықтарға ауру астан жұғуда. Өйткені, Елордадағы дүкен, базарларда азық-түліктің сапасы мүлдем сын көтермейді. Мейрамхана, асхана мен кафелерде әзірленген астың да тең жартысы адам денсаулығына қауіпті. Әсіресе тауық етінен жасалған тағамдарды тұтынғанда аса сақ болуға шақырады СЭС мамандары. Жыл басынан бері құс етінен ұшынып, 160 адам ауруханадан бір-ақ шыққан. Ал, сауда нүктелеріндегі тауықтардан сальмонеллез анықталыпты. Астанадағы аса қауіпті азық-түліктерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, жаппай тексеру жүріп жатыр.