Астанадағы «Бәйтерек» жанында ақбөкендер сұлады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы «Бәйтерек» жанында ақбөкендер сұлады

Астанадағы «Бәйтерек» жанында ақбөкендер сұлады

Бәйтерек алдында сұлаған ақбөкендер! Бүгін Астанада атышулы «Антигептил» ұйымының белсенділері мыңдап қырылған киіктің кейпіне еніп, қарсылық акциясын ұйымдастырды.

  • 29 Мамыр 2015
  • 337
Фото - Caravan.kz

Осы күннен бастап осы мәселені қолға алмасақ, киікке келген күн бізге де келеді.

Сценарий бойынша, белсенділер улы гептил төгілген даланың шөбін жеп жерге құлайды. Осылайша қырылған түз жануарларына жанашырлақ танытып, жұртқа жұттың «Протоннан» келгенін түсіндірмек болды. Әрі Ресей зымырандарына шаң жуытпаған шенеуніктерге қарсы шығып, сынақ палигондарын жабуды тағы талап етті. Жарты сағатқа созылған қарсылық шарасына Астананың полицейлері де бәрінен бұрын жетіп алыпты. Тек сырттан жымиып бақылаған олар, бұл жолы табиғат жанашырларына тиіскен жоқ. Ал Бетбақдалада киіктердің қырылуы әлі жалғасып жатыр. Бүгінге дейін 120 мыңнан аса ақбөкеннің өлексесі табылған. Жұттың себептерін жіті тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.