Қытайда педофил мұғалімді өлім жазасына кесті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда педофил мұғалімді өлім жазасына кесті

Қытайда педофил мұғалімді өлім жазасына кесті

Ганьсу провинциясында (Солтүстік-Батыс Қытай) бейсенбі күні 29 баланы зорлаған педофил-мұғалім өлім жазасына кесілді.

  • 29 Мамыр 2015
  • 308
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚХР Жоғарғы халық сотының хабарламасында айтылған. Өйткені осы инстанция ғана елдегі барлық өлім жазасын бекітуі тиіс, деп хабарлады ТАСС.

Алғашқы үкімді бұрынғы мұғалім Ли Цзишуньге орташа сатыдағы Тяньшуй қаласының соты шығарды, онда педофил 2011-2012 жылдары 4-тен 11 жасқа дейінгі 26 баланы зорлағанын анықтады.    

Хабарламада тағы да төрт педофилге үкім шығарылғаны айтылған, олардың біреуіне өлім жазасы үкімі екі жылға кейінге қалдырылған.


Хабарламада атап өтілгендей, мұндай қылмыстар соңғы жылдары жиілеп кеткен. 2012-2014 жылдары Қытайда педофилиямен байланысты 7145 іс тіркелген.