Егін егу науқанының созылуы астықтың кеш пісіп-жетілуіне әкелуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Егін егу науқанының созылуы астықтың кеш пісіп-жетілуіне әкелуі мүмкін

Егін егу науқанының созылуы астықтың кеш пісіп-жетілуіне әкелуі мүмкін

Мамыр айында жауған жауын-шашын көп жылдық орташа нормадан үш есеге асып отыр. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров мәлім етті.

  • 29 Мамыр 2015
  • 652
Фото - Caravan.kz

«Жаңбырдың мол болуы, көктемнің ұзаққа созылуы солтүстік, орталық және батыс аймақтарда егін егуді оңтайлы мерзімде аяқтауды қиындатуда. Мамыр айында жауған жауын-шашын көп жылдық орташа нормадан үш есеге асып отыр»,-деді министрдің орынбасары.

Осы орайда ол егін егу науқанының созылуы дәнді және майлы дақылдардың кеш пісіп-жетілуіне, егін ору жұмыстарының күзгі жаңбыр кезеңіне сәйкес келуі мүмкін екенін атап өтті.

«Мұның салдарынан ылғал дәннің үлесі артуынан элеваторлар астықты уақтылы қабылдап, кептіріп, сондай-ақ өңдеуді тиісті деңгейде қамтамасыз ету алмауы ықтимал»,-деді С. Омаров.