СҚО-да бруцеллезге байланысты карантин жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да бруцеллезге байланысты карантин жарияланды

СҚО-да бруцеллезге байланысты карантин жарияланды

Солтүстік Қазақстан облысында екі адамнан бруцеллез анықталды. Қауіпті індетті олар ірі қарадан жұқтырған. Қазір өңірдегі 4 ауылда бруцеллезге байланысты карантин жарияланды.

  • 30 Мамыр 2015
  • 487
Фото - Caravan.kz

Алғашқы ауру мал Қызылжар іргесіндегі Семипалатное ауылынан табылған болатын. Әлі күнге дейін иелері ауру ірі-қараға берілетін өтемақыны азсынып, сиырларын өткізуден бас тартып отыр. Жалпы облыстағы барлық малды тексерген ветеринарлар 200 бастай ірі қараның көзін жою керек деген  тоқтам жасаған. Дерт анықталған елді-мекен тұрғындарынан да қан алынып жатыр. Әзірге ауру белгілері екі адамнан табылды.  

Александр Мельниченко, эпидемиолог:

-Жарты жыл бойы дәрігерлердің бақылауында болады. Екі ай сайын қан алып, тексеріп отырамыз. Егер ауру дендесе бруцеллезді емдеу кестесі бойынша ем шара қолданамыз.