Әнші Энрике Иглесиас сахнада жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әнші Энрике Иглесиас сахнада жараланды

Әнші Энрике Иглесиас сахнада жараланды

Демалыс күні Испанияның танымал әншісі Энрике Иглесиас Тихуана қаласында (Мексика) берген концертінде сахнада ән айтып жүріп жараланып қалды,

  • 1 Маусым 2015
  • 394
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды «РИА Новости» Мексиканың «La Razon» порталына сілтеме жасай отырып. 

Куәгерлердің айтуынша, әртіс ән айтып тұрғанында секіріп, дрон — концертті түсіру үшін қолданылатын шағын басқарылатын ұшу құралын ұстап алмақ болған. Иглесиас көрермендерін суретке түсіру үшін осыған ұқсас әрекеттерді бұған дейін де жасап көрген, алайда бұл жолы сәтсіз шығып, бірнеше саусағын қанға бояды.


Дәрігерлер концертті тоқтату қажеттігін талап еткенімен қанға бөккен киімімен әнші концертті аяғына дейін жеткізді.