Астанада «Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай тоғызқұмалақтан жарыс өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада «Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай тоғызқұмалақтан жарыс өтеді

Астанада «Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай тоғызқұмалақтан жарыс өтеді

Бүгін «1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай төл спортымыз - тоғызқұмалақтан Астана қаласының кубогі үшін «Жас үміт» ІІІ республикалық жасөспірімдер жарысы басталады.

  • 1 Маусым 2015
  • 371
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ҚР Тоғызқұмалақ спорты федерациясының баспасөз орталығы хабарлады.

Жарысты ҚР Тоғызқұмалақ спорты федерациясы және Астана қаласы Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы ұйымдастырып отыр. Аталмыш бәсекеге  еліміздің 12 облысы және Астана, Алматы қалаларынан 100-ден астам спортшы қатысады. 4 маусымға дейін жалғасатын жарыс жекелей-командалық есепте швейцар жүйесімен 7 турда өтеді. Бүгін 14:30-да елордадағы  «Арай» саябағында жарыстың ашылу салтанаты болады.