ҚР ҚК 273-бабына: «Террорлық акті туралы көрінеу жалған хабарлама тарату» сәйкес полиция қылмыстық іс қозғады.
Бүгін Қостанай қалалық ІІБ кезекші бөліміне №17 мектепке бомба қойылды деген хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел тергеу тобы шықты.
Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, 80-ге жуық адам қауіпсіз жерге шығарылған. Жедел тергеу шараларын жүргізгеннен кейін 9 сынып оқушысының емтихан өтпеуі үшін осындай әрекетке барғаны белгілі болды. Қазір тергеу шаралары жүргізілуде.
Қылмыстық іс қозғалған баптың санкциясы алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.