Алматыда имамдар науқас балаларға ерекше тарту жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда имамдар науқас балаларға ерекше тарту жасады

Алматыда имамдар науқас балаларға ерекше тарту жасады

Балаларды қорғау күніне орай Алматыдағы балалар онкологиясы орталығында қызықты мереке ұйымдастырылды. Құлтемірлер би билеп, мультфильм кейіпкерлері ән салды.

  • 2 Маусым 2015
  • 433
Фото - Caravan.kz

Балаларды мерекелерімен құттықтап, әрі денсаулықтары үшін дұға жасап мешіт қызметкерлері де келген. Имамдар кішкентай науқастармен жеке-жеке жүздесіп, «шипасы қонсын» деген ниетпен бата жасады. Кездесуге бұл кісілер де құр қол келмепті. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының атынан әкелінген базарлықтары бар. Жалпы, елімізде соңғы есепке жүгінсек, 700-ге жуық балаға қатерлі ісік диагнозы қойылған екен. Соның басым бөлігі лейкоз, яғни аққан түйіршігіне шалдыққандар. Алматыдағы бұл онкологиялық орталықта соның 30-ы ем алып жатыр.